Абай атындағы орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның шығармашылығына арналған «Ақжүрек ақын Ақмарал» атты кездесу кеші өтті. Кешті Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ақын Жаппарқұлова Анар Әбусайылқызы жүргізді. Іс-шараға фантаст жазушы Сарманбай Исақ, ақын Клара Лаханқызы, тіл жанашырыҚабыл Дүйсенби, «Рухани жаңғыру» жобасының жетекшісі, журналист Зәуре Оралбаева, «СЕРПІЛІС» қоғамдық қорының президенті, журналист Бейсенкүл Нарымбетова, М.Әуезов атындағы ОҚУ аға оқытушысы Ақжарқын Нұртазина, аталған университеттің оқытушысы Гаухар Женисбекқызы, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ оқытушысы Қамбарқызы Ақкенже, М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері, көпшілік оқырмандар қатысты. Кеш қонақтары ақынның 1988 жылдан айтысқа қатыса бастағаны, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамытубасқармасында бас маман, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында қызметтер атқарғаны туралы әңгімеледі. «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әртістері Бекзат Сәкенұлы, Асылбек Бейісов, Сәбит Ниетбеков, Асыл Жандаулетов ақынның «Гүлназым», «Қуанышым Қазынам», «Екеуміз» әндерін орындаса, М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері «Алғашқы сәуле», «Түсінерсің», «Сенің атың жақсы адам, «Он тоғыздың көктемі», «Өмір ай», «Ана тілегі»өлеңдерін оқыды. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Жұманова Нұрила Серікбайқызы кеш қонақтары мен іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғыс білдірді.