Іс шара

"Отан-отбасынан басталады"

⚜️Шымкент қаласының Абай атындағы орталық кітапханасы мен Абай ауданы әкімдігі бірлесіп, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

🔸Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда отбасылық тәрбие мен бірлікке негізделген рухани мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпаққа отбасындағы сыйластық, мейірімділік, татулық секілді адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отбасы институтының қоғамдағы рөлі, ұлттық дәстүр мен салт-сананың отбасылық тәрбиедегі маңызы туралы ой бөлісіп, өзара пікір алмасты. Іс-шараға Абай ауданы әкімдігінің өкілдері, ардагер ұстаздар, кітапхана оқырмандары мен жастар қатысты.

🔸Жиынға қатысушылар «Отан – отбасынан басталады» деген ұғымның мәніне терең үңіліп, әр азаматтың елге деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алатынын атап өтті. Сонымен қатар, отбасындағы ұлттық тәрбиенің ұрпақ болашағына әсері туралы мазмұнды баяндамалар оқылып, ашық сұхбат өрбіді.
Іс-шара соңында кітапхана қорындағы отбасылық құндылықтар мен тәрбие тақырыбына арналған кітап көрмесі таныстырылып, қатысушыларға ақпараттық-білімдік материалдар таратылды.
Made on
Tilda