📢📢📢АБАЙ КІТАПХАНАСЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
🛑Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған
республикалық «Абай әлемі» байқауын өткізеді.
✅Өткізу мерзімі:
2025 жылғы 1 маусым – 10 тамыз аралығы
🎯Мақсаты мен міндеттері:
– Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бай мұрасын кеңінен насихаттау;
– Жастардың көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру;
– Оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту;
– Кітапхана қызметін ілгерілету, оқырмандар санын арттыру.
🔸Қатысушылар:
18–35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Байқау шарттары 2 кезеңнен тұрады.
✔️І кезең
I кезең – Онлайн форматында 2025 жылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді.
✔️Тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
1. Қатысушы @shymkent_madeniet және @abay_kitaphana инстаграм парақшаларына тіркелуі тиіс;
2.Абай Құнанбайұлының кез келген бір шығармасын жатқа, мәнерлеп оқып, ұзақтығы 2–3 минуттан аспайтын бейнеролик түсіруі керек;
3.Бейнеролик пен қатысушы туралы ақпарат (аты-жөні, туған күні, туған жері, телефоны) WhatsApp немесе Telegram арқылы мына нөмірлерге жолдануы қажет;
📞 8-701-368-88-71 | 8-705-844-07-63
📞 8-775-776-03-86 | 8-777-769-23-89
4.Қатысушы бейнероликті түсіріп, ұйымдастырушыларға жолдаған соң, ол @abay_kitaphana инстаграм парақшасында жарияланады. Бейнероликтің астында қатысушының өзі бес досын белгілеп, жазбаны бөлісуі қажет;
5.Ең көп лайк жинаған 22 қатысушы ІІ кезеңге жолдама алады.
✔️II кезең
II кезең – Финал 2025 жылғы 10 тамыз, сағат 9.00.
Өтетін орны: Абай саябағы, Шымкент қаласы.
Тақырыбы: «Ұлы даланың ұлы Абайы»
1. Қатысушы Абайдың бір шығармасын сахнада жатқа, мәнерлеп орындайды
(2–3 минут);
2. Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты ғылыми дәйектерді, тың
деректерді немесе зерттеулерді қысқаша таныстырады (2–3 минут);
3. Қазылар тарапынан ақынның өмірі мен шығармаларына байланысты
сұрақтар қойылады.
🔸Бағалау критерийлері:
• Шарттардың орындалуы (инстаграм, бейнеролик, белгілеу);
• Мәнерлеп оқу шеберлігі;
• Бейнероликтің сапасы (мобилография);
• Сахна мәдениеті, киім үлгісі, өзін-өзі ұстауы;
• Жинаған лайк саны;
• Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты дәйектерді, тың
деректерді, зерттеу жұмыстары бойынша ізденісі мен түсіндіруі;
• Сұрақтарға дұрыс жауап беруі.
🔸Жеңімпаздарды марапаттау:
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға дипломдар беріледі.
Бас жүлде (1) – 1 миллион теңге
І орын (1) – 700 000 теңге
ІІ орын (2) – 500 000 теңге
ІІІ орын(3) – 300 000 теңге
15 адам – 150 000 теңгеден
✅Ескерту:
–Екінші кезеңге өткен басқа өңір қатысушыларының жол және қонақ үй шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді;
– Бұған дейін «Абай әлемі» байқауының бас жүлде иегері атанған қатысушылар байқауға қайта қатыса алмайды.