«Абай әлемі» республикалық байқауы – 2026 жыл
«Абай әлемі» республикалық байқауы – 2026 жыл ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармаларын терең меңгеруге ынталандыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту және дарынды жастарды анықтап, қолдау мақсатында «10 тамыз – Абай күні» аясында «Абай әлемі» байқауы өтті.
Мерекеге қаланың шығармашыл зиялы қауымы, ақын-жазушылар, «ӘДІЛЕТ» партиясы Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі, көпшілік оқырмандар қатысты.
«Абай мұрасы – мәңгілік құндылық» Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Биылғы байқауға 42 талантты жастар қатысып, 15 үміткер ІІ кезеңге жолдама алды.

Бас жүлде (1)
Ноутбук Apple MacBook Neo 13" / 8 Гб / SSD 512 Гб / macOS / MHFC4RU/A)
1. Шаншар Иса Жақсыгелдіұлы

І орын (1) – Ноутбук Acer Gadget E10 ERBook 15.6" / 8 Гб / SSD 256 Гб / Win 11 Home / CWI655
1. Қали Үмбетәлі Бақтиярұлы

ІІ орын (2) – Планшет Apple iPad A16 11 2025 Wi-Fi 11 дюйм 6 Гб/128 Гб серебристый
1. Муслим Ләззат Шорақызы
2. Лескенқызы Ұлбала

ІІІ орын (3) – Смартфон Samsung Galaxy A36 5G 8 ГБ/256 ГБ черный

1. Шахыдін Гүлжанат
2. Маханбетова Тұрарбек Әбілдаұлы
3.Толмачева Ангелина Андреевна

Қалған қатысушылар дипломдармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын иеленді. (Картина )

«Абай әлемі» республикалық байқауы – 2025 жыл
«Абай әлемі» республикалық байқауы – 2025 жыл ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Концерттік-көрме орталығында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «10 тамыз - Абай күні» аясында ұйымдастырылған республикалық «Абай әлемі» байқауы өз мәресіне жетті.

«Абай әлемі» байқауы биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек бұл жолғы байқаудың ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тұңғыш рет республикалық деңгейде өтіп жатқанын ерекше атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінен үздік деп танылған 26 талантты жас екінші кезеңге жолдама алып, Абай мұрасын насихаттауда өз өнерлерін ортаға салды.

Үміткерлер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан қатысты. Олар Абай шығармаларынан үзінді оқып, ақын жырларын жүрекпен сезініп, көрерменге әсерлі жеткізді.

Байқау қортындысы бойынша:

Бас жүлде (1 000 000 теңге):
Мәлік Бекжан Әбдімәлікұлы
(Шымкент қаласы)
І орын (700 000 теңге):
Мыңбаев Азат Қайратұлы
(Батыс Қазақстан облысы)
ІІ орын (500 000 теңге):
Лес Назерке (Астана қаласы)
Жолдасбек Ақберен (Түркістан облысы)
ІІІ орын (300 000 теңге):
Ромашев Жұлдызбек (Түркістан облысы)
Дәулет Дархан (Шымкент қаласы)
Шаншар Иса (Шымкент қаласы)

Сонымен қатар, байқаудың 19 қатысушысы 150 000 теңгеден ынталандыру сыйақысын иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.

Іс-шараға зиялылы қауым өкілдері, абайтанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, «AMANAT» партиясының қалалық филиалы, мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Биыл қаламызда үшінші рет өткен
«Абай әлемі» республикалық байқауы — ұлы ақынның рухани мұрасын ұлықтап ғана қоймай, жас ұрпақтың өз өнерін насихаттаудың тиімді алаңына айналып келеді.
Made on
Tilda