Құрылымы

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

Бөлім өз қызметінде мемлекеттік мекемелермен, органдармен, кәсіпорындарымен, оқу орындарымен келісімшарт негізінде байланыс орнатады, кітапхана бөлімшелеріне жұмыс жоспарлары мен есептерін құрастыруда әдістемелік көмек көрсетеді. Республикалық, облыстық, қалалық кітапханалардағы озық іс-тәжірибелерді ұжымға енгізеді. «Web-Rabis» бағ­дарламасының, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), әлеуметтік желі (инстаграм, фейсбук, тік-ток) жұмыстарын жүргізіп отырады. Кітапханада жүзеге асып жатқан «PARASAT CARD», «Оқы. Таны. Талқыла», «Саяхаттаушы кітаптар» жобалары мен «Біздің ауылдың тамаша адамдары», «Аялы алақан» сияқты жобалармен клубтар мен үйірмелердің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды. Бөлімшелердің жоспар бойынша өтетін іс-шаралар жоспарын жинақтап, жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасайды

КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ БӨЛІМІ

Бөлім өз қызметінде жаңадан түскен әдебиеттерді өңдейді, есепке алады және карточкаларды алфавиттік, жүйелік, өлкелік, есеп каталогтарына құяды. Түскен кітаптарды «Web-Rabis» бағдарламасына енгізіп, мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарын жүргізеді. Кітапхана мен бөлімшелер оқырмандардың сұранысы бойынша республикалық және жергілікті бюджет арқылы жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады.

АҚПАРАТТЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Бөлім өз қызметінде библиографиялық әдістемелік құралдар мен жаңа әдебиеттердің ақпараттық бюллетенін дайындайды, атаулы даталардың күнтізбесін жасайды. Сондай-ақ, анықтамалық ақпаратты құрастырады, қажетті анықтаманы іздеуді жылдам әрі сапалы орындайды, тақырыптық тізімдер мен ұсыныстық көрсеткіштер шығарады, «сұраным-жауап» қызмет түрлерімен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда картотекадағы орындалған анықтамалар саны – 165 000 карточка. Жылына 8000-ға жуық карточка құйылады. Сақталу мерзімі              5-10 жылдан асқанда 3000-дай карточка алынып тасталынады. Бөлім оқырмандарға энциклопедия, сөздік, анықтамалар ұсынады

КІТАП ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ САҚТАУ БӨЛІМІ

Бөлім өз қызметінде кітапханаға аз данамен түскен, сирек кездесетін кітаптарды, құнды әдебиеттерді сақтайды. Жүйеге қарасты бөлімшелердегі оқырмандардың сұранысын жинақтап, қорды толықтыру және өңдеу бөліміне ұсынады. Бөлімде кітап қоры 25 665 дана

ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

Бөлімнің кітап қоры 100 971 дана, оқырман саны 27 600, келуші 150 000, кітап берілімі 405 000 дана.
Кітапхананың негізгі оқырмандары – қызметкерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер, студенттер және мектеп оқушылары. Бөлім оқырмандармен ақын-жазушылардың мерейтойларын, еске алу кештерін, жаңа кітаптардың тұсаукесерін, пікір алмасу кештерін, дөңгелек үстелдер, клубтар мен үйірме жұмытарын отырыстарын ұйымдастырады.
Бөлім «PARASAT CARD» карталық жүйе, «Оқырманмен ойталқы» жобаларымен, «Оқырман ойы», «Айқап» клубтарымен жұмыс жасайды. «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалында бөлімнің жылжымалы кітап беру пункті ашылған. Мерзімді басылымдар залы Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің газет-журналдарын алып, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтармен оқырмандарды таныстырады. Өнер секторында шет елдердің, ТМД елдерінің және Қазақстандағы өнер иелерінің шығармалары туралы әдебиеттер мен энциклопедиялар жинақталған.
Абонементте кітапхана ережесіне сәйкес оқырмандардың кітапхана қорын ұқыпты пайдаланып, белгіленген мерзімде қайтаруы бойынша жұмыс атқарады
Made on
Tilda