Ақылды да қайсар қазақ әйелінің бейнесін ашатын шығарма. Ұлпанның парасаты, ел басқарудағы рөлі арқылы автор әйелдің қоғамдағы орнын жоғары қояды. Тілі көркем, оқиғасы тартымды.
Жүсіпбек Аймауытов – «Ақбілек»
Қазақ әйелінің тағдыры мен қоғамдағы орнын суреттейтін роман. Шығармада төңкеріс жылдарындағы қиындықтар, әйел теңдігі мәселесі қозғалады. Ақбілектің басынан өткен сынақтар арқылы автор адам рухының мықтылығын көрсетеді.
Бейімбет Майлин – «Шұғаның белгісі»
Махаббат пен әлеуметтік теңсіздік тақырыбын қозғайтын повесть. Шығармада қазақ қоғамындағы ескі салттар мен адам тағдыры суреттеледі. Тілі жеңіл, әсерлі.
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Шерхан Мұртазаның өмірбаяндық, тағылымды романы. Шығармада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын кезең, ауыл өмірі және ананың балаға деген шексіз махаббаты суреттеледі.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың
Өмір жолын,оның ата-анасының тағдырын тағдырын,балалық шағынын ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Сәбит Мұқановтың өмірбаяны
Бұл шығармада автор өз балалық шағының ауыр да қызықты кезеңдерін суреттейді.
Смағұл Елубай
жазушының өз өмірінен алынған естелік-өмірбаяндық шығарма.
Сәуле Досжан
Қарапайым ауыл баласының табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында үлкен жетістікке жету жолын баяндайтын мотивациялық шығарма.
Ақберен Елгезек
Тағдыр тәлкегіне түскен баланың ауыр өмірін баяндайтын әсерлі шығарма.
Айгиз Баймұхаметов
Қиын тағдырға тап болған баланың өмір жолын суреттейтін әсерлі шығарма.
Қази Данабаева
Балалық шақтың тәтті естеліктері мен өмірдің өткінші сәттерін суреттейтін лирикалық туынды.