Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін ашық! Сенбі және жексенбі күндері кітапхана жұмыс істейді. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы "Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
87757760386 Ақбалғын
87018353191
Гүлнұр
Дс-Жм: 9:00-19:00
Cн-Жс: 10:00-19:00
Б.Момышұлы даңғылы20 үй
ІС - ШАРА
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бір кітап – бір ой»
  • Ғабит Мүсірепов – «Ұлпан»
    Ақылды да қайсар қазақ әйелінің бейнесін ашатын шығарма. Ұлпанның парасаты, ел басқарудағы рөлі арқылы автор әйелдің қоғамдағы орнын жоғары қояды. Тілі көркем, оқиғасы тартымды.
  • Жүсіпбек Аймауытов – «Ақбілек»
    Қазақ әйелінің тағдыры мен қоғамдағы орнын суреттейтін роман. Шығармада төңкеріс жылдарындағы қиындықтар, әйел теңдігі мәселесі қозғалады. Ақбілектің басынан өткен сынақтар арқылы автор адам рухының мықтылығын көрсетеді.
  • Бейімбет Майлин – «Шұғаның белгісі»
    Махаббат пен әлеуметтік теңсіздік тақырыбын қозғайтын повесть. Шығармада қазақ қоғамындағы ескі салттар мен адам тағдыры суреттеледі. Тілі жеңіл, әсерлі.
  • Шерхан Мұртаза
    «Ай мен Айша»
    Шерхан Мұртазаның өмірбаяндық, тағылымды романы. Шығармада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын кезең, ауыл өмірі және ананың балаға деген шексіз махаббаты суреттеледі.
Құрметті оқырмандар!
Біз сіздерді “Бір ел - бір кітап" акциясына таңдалған таңдаулы туындылармен жақынырақ танысуға шақырамыз.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Қабдеш Жұмаділов - бұл есім қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.

Республикалық Абай әлемі байқауы-2025 жыл
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
«АБАЙ ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Концерттік-көрме орталығында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «10 тамыз - Абай күні» аясында ұйымдастырылған республикалық «Абай әлемі» байқауы өз мәресіне жетті.

«Абай әлемі» байқауы биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек бұл жолғы байқаудың ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тұңғыш рет республикалық деңгейде өтіп жатқанын ерекше атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінен үздік деп танылған 26 талантты жас екінші кезеңге жолдама алып, Абай мұрасын насихаттауда өз өнерлерін ортаға салды.

Үміткерлер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан қатысты. Олар Абай шығармаларынан үзінді оқып, ақын жырларын жүрекпен сезініп, көрерменге әсерлі жеткізді.

Байқау қортындысы бойынша:

Бас жүлде (1 000 000 теңге):
Мәлік Бекжан Әбдімәлікұлы
(Шымкент қаласы)
І орын (700 000 теңге):
Мыңбаев Азат Қайратұлы
(Батыс Қазақстан облысы)
ІІ орын (500 000 теңге):
Лес Назерке (Астана қаласы)
Жолдасбек Ақберен (Түркістан облысы)
ІІІ орын (300 000 теңге):
Ромашев Жұлдызбек (Түркістан облысы)
Дәулет Дархан (Шымкент қаласы)
Шаншар Иса (Шымкент қаласы)

Сонымен қатар, байқаудың 19 қатысушысы 150 000 теңгеден ынталандыру сыйақысын иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.

Іс-шараға зиялылы қауым өкілдері, абайтанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, «AMANAT» партиясының қалалық филиалы, мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Биыл қаламызда үшінші рет өткен
«Абай әлемі» республикалық байқауы — ұлы ақынның рухани мұрасын ұлықтап ғана қоймай, жас ұрпақтың өз өнерін насихаттаудың тиімді алаңына айналып келеді.
Кітапхана бөлімшелері |
Кітапхана «Web-Rabis» бағ­дарламасының 5 модулі «Оқырмандарды тіркеу», «Кітап қорын толықтыру», «Ката­логизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» жүйе­лері бойынша оқырмандарға қызмет көр­сетеді.
Кітапхананың кітап қоры – 555560. Оның ішінде салалар бойынша: саяси-әлеуметтік 108473 дана, жаратылыстану 37521 дана, техника және ауыл шарушылығы 24570 дана, өнер, спорт, туризм 33 250 дана, көркем әдебиет 351 746 дана. Мемлекеттік тілдегі кітаптар 185 187 дана.
Кітапхана «Web-Rabis» бағ­дарламасының 5 модулі «Оқырмандарды тіркеу», «Кітап қорын толықтыру», «Ката­логизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» жүйе­лері бойынша оқырмандарға қызмет көр­сетеді.
Кітапхананың кітап қоры – 555560. Оның ішінде салалар бойынша: саяси-әлеуметтік 108473 дана, жаратылыстану 37521 дана, техника және ауыл шарушылығы 24570 дана, өнер, спорт, туризм 33 250 дана, көркем әдебиет 351 746 дана. Мемлекеттік тілдегі кітаптар 185 187 дана.
Made on
Tilda